Сіздерді Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

Ashyq жобасына қалай қатысуға болады?

Неден бастау керек?

1. Жұмысты қайта бастауға рұқсатты infokazakhstan.kz сайтынан алуға болады

Қызметті хабарлама тәртібінде тексерусіз қайта бастау үшін:

1-қадам. infokazakhstan.kz сайтына кіріп, ұйымды ЭЦҚ арқылы тіркеу.

2-қадам. Бас санитар дәрігердің қаулысын жүктеп, сіздің нысаныңызға қойылатын талаптармен танысып, оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру.

3-қадам. «Менің өтінімдерім» бөлімінде санитарлық нормаларға сәйкестік актісін алу.

4-қадам. Жеке кабинетке және электронды поштаға дайындық туралы актіні алып, жұмысты бастау.

Егер бизнесіңіз көпшілік жиналатын кәсіп түріне жатса (қоғамдық тамақтану нысаны), сондай-ақ тактильді байланыс және балаларға қатысты болса, онда жұмысты бастауға рұқсат алу үшін санитарлық талаптарға сәйкестікке тексеруден өту керек.

1-қадам. infokazakhstan.kz сайтына кіріп, ұйымды ЭЦҚ арқылы тіркеу.

2-қадам. Бас санитар дәрігердің қаулысын жүктеп, сіздің нысаныңызға қойылатын талаптармен танысып, оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру. Әр талапты мұқият оқып, ЭЦҚ кілтімен қол қою керек.

3-қадам. Нысанды санитарлық талаптарға сәйкес дайындау. 4-қадам. Барлығы талапқа сай болса, сайттағы жеке кабинетке және электронды поштаға санитарлық талаптарға сәйкестік актісін – қызметті бастауға рұқсатты алып, жұмысты бастау.   

БІЛУ МАҢЫЗДЫ! Қоғамдық тамақтану нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан хабарлама немесе жұмыс істеуге рұқсат болуы керек.

Егер қолыңызда хабарлама болмаса:

1-қадам. elicenze.kz сайтына кіріңіз және өз компанияңыздың ЭЦҚ кілті арқылы кіріп/тіркеліңіз. 

2-қадам. «Денсаулық сақтау» бөлімінде «эпидемиологиялық қаупі төмен нысан қызметін бастау туралы хабарлама» хабарлама тәртібін таңдап, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз.

3-қадам. Компания деректерін толтырып, хабарлама нөмірі мен санын сақтап қойыңыз. Бұл ақпарат Ashyq жобасына қатысуға өтінім беру үшін қажет.

4-қадам. Хабарламаға ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.

1. Егер сізде хабарлама немесе рұқсат болса, оның нөмірін білу қажет:

1-қадам. elicenze.kz сайтына кіріңіз және өз компанияңыздың ЭЦҚ кілті арқылы кіріп/тіркеліңіз. 

2-қадам. «Менің хабарламаларым» бөлімінде ашу немесе алынған рұқсаттар туралы жіберілген хабарламалардың тізімі көрсетілуі тиіс.

2. infokazakhstan.kz сайтында QR-код алуға өтінім рәсімдеу

1-қадам. «Менің өтінімдерім» бөлімінде «Ashyq QR» түймесін таңдаңыз, деректерді енгізіп, жеке кабинетіңізге өтіңіз.

2-қадам. Өтінімді рәсімдеңіз.

3-қадам. Өтініміңіз «Атамекен» ҰКП-ның өңірлік өкілдігіне түсіп, жоба шарттарына сәйкестікке тексеріледі.

4-қадам. Мақұлдаудан кейін infokazahstan.kz платформасы QR-код шығарады.

5-қадам. Кодты алып, оқудан өтіп, 1 апа бойы сынақ режимінде жұмысты бастаңыз. Қосымшаны сәтті қолданып жатсаңыз, әкімдік нысанды сайттағы тізімге қосады.

БІЛУ МАҢЫЗДЫ! Қоғамдық тамақтану нысандары (банкет залдары, мейрамханалар, кафе, караоке клубтары) өтінімді салaлық қауымдастықтар арқылы береді.  

«Күзетші» режимін қалау алуға болады?

Режимді қосу 4 әрекеттен тұрады.

1-қадам. infokazakhstan.kz сайтына кіріңіз.

2-қадам. «Менің өтініштерім» бөлімінде «Ashyq QR» терезесін таңдаңыз, деректерді енгізіп, жеке кабинетке өтіңіз.

3-қадам. Режимді іске қосу үшін нысаныңыздың деректері жанындағы «әрекет» жолағын басып, «күзетші» режимін таңдаңыз, бизнес нысан қолданысындағы нөмірді енгізіңіз.

4-қадам. «күзетші режимін қосу» жолағын таңдаңыз.

Жобадан не үшін шығарып жіберуі мүмкін?

— мониторинг тобы жобаға қатысу талаптарын бұзу фактісін анықтап, растайды;

— нысан келушілерді check-in тексеруін 3 күннен бері жүргізбей келеді;

Жұмыстың қолданыстағы алгоритмін бұзған қатысушы, мониторинг топтың қорытындысы бойынша жобадан ең кемі 2 аптаға шеттетіледі.

Жұмыстың қолданыстағы алгоритмін қайтадан бұзған қатысушы мониторинг топтың қорытындысы бойынша жобадан ең кемі 2 айға шеттетіледі.

Анықтама үшін:

«Ashyq» – қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы qr-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы covid-19-ті бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады.

«Қызыл» түс егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек.

«Сары» түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі.  Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады.

«Көк» түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат.

«Жасыл» түс – жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі.

Qr-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі. Ол субъект атауы, оның орналасқан жері және басқа да сәйкестендіру деректерін көрсетумен электронды идентификаторды білдіреді. 1 нысанға кіреберісте және шыға берісте ең кемі 2 qr-код беріледі. Егер нысанда бірнеше кіріп-шығу жолы болса, онда әр кіреберіске жеке   qr-код беріледі.

Бүгінде qr-код қолдану практикасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері – Гонконг, Сингапур, Малайзияда кең қолданыс тапқан. Балама құралдар басқа елдерде де қолданылуда.

atameken.kz

Поделитесь со всеми