Сіздерді Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы (12.10.2020)

Ағымдағы жылдың 12 қазанындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының 2 жағдайы тіркелді, оның біреуі симптомсыз.

Атап айтсақ, Шу ауданында коронавируспен ауырған ер адам өзінің 81 жастағы анасы мен екінші сыныпта оқитын қызына инфекцияны жұқтырған.

Зейнекткерден коронавирустың симптомды түрі анықталып, ол инфекциялық стационарға жатқызылды.

Ал қыз баланын аурудың симптомсыз түріне шалдыққаны белгілі болды. Қазір ол үй карантиніне алынды.

Жалпы, ағымдағы жылдың 12 қазанындағы жағдайға сәйкес Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының 4145 жағдайы тіркелсе, ауруханалардан 4058 науқас емделіп шыққан.

Дереккөз: gov.kz

Поделитесь со всеми