Сіздерді Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

Көлік құралын kaspi.kz қосымшасы арқылы тіркеу

Жаңа көлік сатып алсаңыз – оны автоХҚО-ға бармай, kaspi.kz қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады. Ол үшін сатушы қосымшаға кіріп, Мемлекеттік қызметтер бөлімінен «Автокөлікті қайта рәсімдеу» қызметін таңдауы тиіс, ары қарай көлікті тіркеуден шығару батырмасын басып, айыппұл мен салық берешегі барын тексеруге болады.

Бұдан кейін көлікті сатып алушының ЖСН нөмірі мен көліктің сатылымға қойылған бағасы толтырылады. Егер көлікті сатушы нөмір белгісін сақтап қаламын десе, тиісті жерге белгі қоюы тиіс. Соңында сатушы электронды қолтаңбасы арқылы көлікті тіркеуден шығарады.

Сатып алушы тарап қосымшада «Автокөлікті тіркеуге қою» батырмасын басып, көлік жайлы мәліметтерді растайды. Көлікті сатып алу құнын төлеп, мемлекеттік тіркеу нөмірін қай автоХҚО-дан алатынын көрсетеді.

Бұдан кейін нөмір белгісі мен техпаспорт,тіркеу үшін мемлекеттік баж салығын төлеу қажет. Көліктің тіркелгендігі жайлы хабар Kaspi қосымшасына 3 сағат ішінде келеді.

Қызмет құны: техпаспорт-3646,25тг, көліктің жаңа нөмірі – 8167,60тг, тіркеу үшін – 729,25тг.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы Талас аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі

Талас ауданының әкімдігі

Поделитесь со всеми