Сіздерді Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

Талас ауданы әкімінің жылдық қорытынды есебі

Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында Талас ауданы әкімі Бақыт Қазанбасов 2020 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылы алда тұрған міндеттері туралы есебін берді.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев­тың қатысумен өткен жиын­да аудан көлемінде атқарылған жұ­мыстар жайында баяндаған Бақыт Алпысбайұлы: — 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жал­пы өндірілген өнімнің және қыз­меттердің көлемі 47 млрд. 690 млн. 900 мың теңгені құрап, өткен жыл­мен салыстырғанда 105,7 пайызға артық орындалды. Осы мерзім ішінде өнеркәсіп өнімдері 22 млрд. 631 млн. 600 мың теңгеге өндірілді. Нақты индекс көлемі 101,7 пайыз.

Биыл Талас ауданына 5 млр. теңге қаражат бөлініп отыр. Қаражат бар, енді жұмыс қарқынын арттыру керек. Аудан мал шаруашылығы саласына ыңғайлы болғандықтан «Сыбаға» бағдарламасы аясында жұмыс жасап, мал басын көбейтуіміз керек.

Облыс көлемінде орман шаруашылығына тиесілі 4 млн. гектар жер бар. Мекемемен келісіп, үлесіндегі алқаптарды жайылымға, егістікке беру жолдарын қарастырып жатырмыз. Өнімнің тұқымын таңдап, тірлік жасау да өз нәтижесін береді. Тыңайтқышты пайдаланғанымыз жөн. Бұл бағытта үкімет тарапынан арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Жаңбырлатып, тамшылатып суғару жүйесін қолға алатын кез жетті. Ақкөл көліндегі су қорын 150-180 млн. текше метрге жеткізу үшін жұмыс жасап жатырмыз. Мәселенің жолдарын тауып, көрші мемлекетке суға деген тәуелділіктен арылу керек.

Толығырақ talas-tinisy.kz сайтында.

Поделитесь со всеми