Сіздерді Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

Талас ауданында жел электр станциясы іске қосылады

Жалпы құны 3735,2 млн. теңгені құрайтын, қуаттылығы 4,5 мВт болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатындағы ауданымызда «Wind Power city» ЖШС-не және «Wind Electricity» ЖШС-не Қызыләуіт ауылдық округінен 43 гектар жер учаскесі бөлініп берілді. Қазіргі таңда «Wind Power city» ЖШС тарапынан ауданға 1142,2 млн. теңге, ал «Wind Electricity» ЖШС тарапынан ауданға инвестиция тарту мақсатында 2,1 млрд тенгеге келісімшарт шетел кәсіпорынмен жасалынды Жоба Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің тізіліміне енгізілген. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, қосу жұмыстары жүргізілуде. Жоба іске асқанда 11 жұмыс орындары ашылады. Ағымдағы жылдың шілде айында іске қосылды.

Алдағы уақытта жалпы қуаты 4,5 мВт болатын 3 қондырғы орнатылып, 14 адам жұмыспен қамтылу жоспарлануда.

Талас ауданы әкімдігі

Поделитесь со всеми